[ #5 | Ayaldama : Aspan ]
 Аспан Интернет Дайджест | Aspan - Internet digest
 Қазақстан қаржы пиясасы
Жалау алмасу
 Казахстанская Правда
 Казахстан Пресс Агенттігі
 «Қазақ Әдебиеті» виртуалдық кітапхана
 world1000
 Ауылымыз «Весь WWW-Казахстан» жинағына тіркеулі
26.03.2002 | #5
Білімге ғашық болу


"Мені ең көп ойландыратын нәрсе атамның кім болғаны емес, оның немересінің кім болатыны"
А.Линколн

Айналамыз күн өткен сайын түрленіп жатыр. Заманның қалай өзгеріп отырғанын бәріміз көріп жүрміз. Күн сайын бір жаңалыққа куә болып та жүрміз. Технология деген тып тыныш өміріміздің бір бөлшегі халіне келді. Жиырма бірінші ғасыр "технология және ақпарат шағы" деп те аталуда бұл күндері. Бұл ғасырдың басқа бір өзгешелігі де адамдардың "кісі" ретінде біраз алдыға шыққандығы. Дәуірге ылайық білімді өткір жастар бірте бірте талай жетістіктерге қолдарын жеткізіп жатыр. Бұның себебі де заманымыздың керектіріп отырғандығы. Бүгін өз өзіңді жан жақты дамыту үшін тырысу керек болып тұр. Бір университет бітірушісі "мен университет бітірдім" деп қалаған жерге жұмысқа тұра алмайды. Яғни төрт жылдық диплом сенің келешегіңді байыта алмайды. Екі адам бар делік. Біріншісінің қолында тек дипломы бар, ал екіншісінде болса дипломның қасында қосымша екі үш тілі, компутер білімі бар, қайсысы бірінші жұмыс таба алады дейсіз, әрине екіншісі. Бұл жерде өте дөрекі бір салыстыру беріп отырмын. Ең бастысы адамның кай салада оқыса оқысын, не істесе істесін өз өзін жетілдіре алуында.

Әсіресе жастар үшін бұл аса маңызды. Ақыл жастан, асыл тастан. Өтпес пышақты қайрасаң өткір болып шыға келеді. Жастар үшін де елінің ертеңі мен өркендеуі үшін өткір болу қажет десек пышақ іспеттес өздерін кайрап отырулары керек. Бір күн болса да жаңа бір нәрсе, бір жаңалық, бір ақпарат үйренбесек алдыға қарай жылжып жатқан әлемнен калып коятынымыз бір шындық. Атақты қытай ойшылы Конфуций былай деген екен: "Бір жас адам жиырма бес жасына келген кезде "мен әлемді құтқарамын "- деп жолға шығыпты. Отыз бес жасына келгенде құтқара алмаған екен. "Ендеше мен өзімнің мемлекетімді құтқарамын" депті, бірақ қырық бес жасына келгенде мұратына жете алмапты. "Туып өскен қаламды құтқарайын" деген екен, бірақ елу бесіне келгенде бұл мақсатын да орындай алмапты. Жетпіс бес жасына келгенде ешкімді құтқара алмаған соң "мен оданда өз басымды құтқарайын" деп көніпті. Конфуций қорытындыда былай дейді "егер ол жас адам жиырма бес жасында өз басын құтқарғанда мүмкін жетпіс бес жасында әлемді құтқарар еді".

Бүгін жастарға өз қара бастарынын қамын ойлау керек сияқты. Білім инемен құдық қазғандай дегендей, білімге ғашық бола алмасаң, әр алған біліміңнен ләззат алмасаң өз өзіңді жетілдіру оңай болмайды. Бүгінгі ғасырдың маңызын сонау жылдарда атақты сосиолог Х.Спенсер сөйлеп кеткен екен. "Адамдар арасындағы бәсекелестік еркін тасталынғанда бір қоғамда тек қана ең қабілетті болғандарымен ең мықты болғандар көтеріле алады". Советтік заманнан кейін елімізде капиталистік жүйемен бірге адамдар арасындағы бәсекелестік еркіне тасталды десек онда заманның керекті қылып отырған "қасқырлықтың" қатарына "қой" болып кіргенше, терезеңді тең тұтып сен де "қасқыр" болуың керек.

Кездейсоқ серік

е-скертулер,сұрақтарыңыз және тiлектерiңiз үшін ayaldama@yahoo.com


Aspan Internet Digest © 2001-2002 

Сайт создан в системе uCoz