Аспан Интернет Дайджест | Aspan - Internet digest
"Аялдама"-ға хош келдіңіз!
 Қазақстан қаржы пиясасы
Жалау алмасу
 Казахстанская Правда
 Казахстан Пресс Агенттігі
 «Қазақ Әдебиеті» виртуалдық кітапхана
 world1000
 Ауылымыз «Весь WWW-Казахстан» жинағына тіркеулі
"Патриоттық" немесе "Сатқындық"

Қазақстандағы барлық жастар секілді Александр Манин, 1980-ші жылдарғы Кеңес Одағының Ауғанстандағы соғысы еш зердесіне кіріп шықпайды. Бірақ бұл «азамат» Нью Йоркқа келгелі 3 жыл өткен соң, жүрегіне түк бітіп әскер қатарына жазылыпты. Америка Құрама Штаттарының әскеріне қатыспақшы. Манин жолдас, АҚШ-тың заңды азаматы болмаған АҚШ-та әрдайым тұрақты тұрғыны. Бұл жолдас қарашаның 5-ші жұлдызында Теңіз күштерінің бастапқы жаттықтыру әрекеттеріне бастамақшы. АҚШ заңдары бұл секілді әрдайым тұрғындарына (жасыл карт иелеріне) әскер қатарына қосылуына рұқсат береді екен. «Америка менің елім болмаса да, Нью Йоркта болған жағдайлар менің жүрегімді тебірентті»—дейді Бруклин, Гринпойнтта тұрып жатқан 25-жасар Манин. «Менің патриоттық сезімдерім оянды және қазір әскер қатарына жедел қатысуыма себеп болды». Көптеген иммигранттар тұратын Нью Йоркта, Америкалық паспорты болмаса да иммигранттар Америка жалауы астында соғысуға даяр екендерін білдірген. Шындығын айтсақ, иммигранттар туған елінің әскеріне қарағанда Америка әскеріне қатысуға құштарлы-ақ.

Нью Йорктағы 18 жасқа толмағандардың 13 пайызы — заңды-заңсыз иммигранттар. Өткен жылы Әуе күштері қатарына қосылған 1200 әскер (немесе 40 пайыз) жасыл карт иелерінен алынған. Теңіз күштерінде бұл сан 363 (немесе 36 пайыз), Құрлық күштерінде болса 589 (немесе 27 пайыз). Ал жалпы мемлекет аумағында жасыл карт иелерінің әскер қатарына қосылу пайызы өте аз, бар болғаны 5 пайыз. Бірақ бұл пайыздар соңғы жылдары өсуде, әсіресе Лос Анджелес пен Майамиде. Бұл қызықты жәйттің (тұрақты тұрғындардың әскер қатарына қосылу) себепін ешкім мәндеп түсіндіре алмаған. Кейбірі өздерінің азаматтық алу процессін жылдамдату үшін қатысады. Кейбірі, көпшілік иммигранттар секілді орта жанұялардан шыққан және әскер қатарына қосылу арқылы өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын түзеп алмақшы. Ал кейбірі болса патриоттық сезімдерінің оянып әскерге қатысқысы келгенін білдірген.

Бұл жәйт әсіресе соғыс кезеңдерінде байқалатын, сондықтан қыркүйектің 11-нен кейін осындай патриоттық сезімдердің оянуы ғажап емес.

Иммигрант балалардың ассимиляциясын зерттеген Хантер колледжінің қоғамтанушы ғалымы Филипп Казинитц былай дейді: «Бізге қарсы олар заңдылығы бар. Бұл әсіресе соғыс кездерінде болады. Сондықтан иммигранттар, әсіресе олардың балалары қай жақты ұстанғанын көрсетіп дәлелдеуі керек екендігін сезінеді».

Нью Йорктағы жасыл карт иелерінің көпшілігі, Латын Америка және Кариб теңізі жағалауы елдерінен (Доминика, Ямайка және Эквадор) келумен қатар демографиялық өзгеріске әжептеуір әсерін тигізуде. Бұлармен салыстырғанда Азиядан келгендердің саны аз болғанымен, Гонконгтен көшіп келген Бруклин Шипшид Бэйге қоныс тепкен 22 жасар Вэй Ван атты азамат, техникалық жаттығулардың көмегімен оның өмірбаяны байи түсетінен үміттеніп Әуе Күштері қатарына қосылған. Қыркүйектің 11-нен кейін ол да барлығы секілді «патриоттық індетке» шалдыққан.

Бұл жерде айта кететін жәйт, АҚШ-тың әскери күшінің жеңілместігі (әсіресе техника жағынан адамның көмегінсіз қолданылатын әскери «қуыршақтар») жәйлі жарнамасы жас балаларға өте керемет әсерін тигізуде. Болмаған америкалық мәдениетті (хип-хоп мәдениеті, Макдоналдьс-кока кола дүниесі, голливудтық жеңілмес қаһармансымақтар, жанұясыз өмір сүретін жасөспірімдер, негр-нашақорлар мен негр-ұрылар имиджі), қаншама мағынасыз болса да дүниежүзінің жастарына сіңдірген. Қайдағы патриоттық сезім дейсің-ау сондағы, өз ауылына соғыс ашса жеңілмес АҚШ әскерінде мансаптанып тірі қалатынына сене отырып өз бауырына қол көтеруден тайынбас.

«Бастапқы кезеңде компьютерге негізделген жұмыстарға талаптанып едік» — дейді бразилиялық жасыл карт иесі болған досы Алекс Вонгпен бірге Ван — «бірақ қазір біз соғысқа негізделген жұмыстарға талаптанып отырмыз». Иммигранттар үшін әскери қызметті атқару Американдық болуды жылдамдататын процесс болғанын бойларына әбден сіңірген. Бірақ Екінші Дүниежүзілік Соғысқа қатысқан жапон американдықтар, жанұяларымен бірге «жау жақтастары» ретінде лагерлерге өздерінің сенімділігін дәлелдеуі үшін жіберілген.

Американдық болып заттарды ақшалай санамаған болады ма, сол секілді мұндай «патриоттық сезімнің» нақты пайдалары да бар. Тұрақты қоныс тепкендер үшін, әскери қызметті атқару азаматтыққа алыну процесін бес жылдан үш жылға азайтады. 1994-1999 жылдар арасында 3 600 иммигрант осындай әдіспен (Иммиграция және Натурализация Қызметіне сай) АҚШ азаматы болды. Заңсыз иммигранттарды әскер қатарына қосылуына тыйым салған иммиграциялық заңда бап жоқ, бірақ керекті құжаттар болмаған заматта әскери қызметке алынбайды.

Кейбір сараптамадан өткен азамат болмаған иммигранттар кейбір тыйым салынған істерге алынбайды. ROTC (резервтегі офицерлерді даярлау орталығы) программасына сәйкес колледждерде 17 000 АҚШ долларға шейін оқу жәрдемін алуға хақтары жоқ. Барлау қызметі, мағлұматтарды сараптау жұмыстарына алынбайды. Егер олар АҚШ-қа қарсы режимдер болған Ауғанстан және Ирак секілді елдерден болған болса, онда олар қосымша қауіпсіздік тексерулерден өтеді. Бірақ, 11 қыркүйек террористтерінің туып-өскен елі болған Сауд Арабиясы және Мысыр елінен болған иммигранттар мұндай қосымша тексеруден өтпейді.

Америка әскери қатарына қосылып өздерін көрсеткен иммигрант солдаттар жеткілікті. Солардың ішінде, Теңіз Күштері қатарына қосылып кейіннен аты шыққан Ямайкада туып өскен Бруклиндік рэп-жұлдыз Шэгги және Сомалидің соғыс генералы Мохаммед Фараһ Айдидтің баласы Хусейн Мохаммед Фараһ бар. Нью Йорктағы иммигранттардың саны әбден толып біткен. Кейбір көршілес аудандарда, Бруклиндегі Флэтбаш немесе Манхэттендегі Вашингтон Белестері секілді аудандарда әскерге қатысушылардың 90 пайызы әлі азаматтыққа алынбаған.

«Осы қыркүйек айында біткен қаржы жылында Нью Йорк Ситиден Теңіз Күштеріне қатысқандардың 40 пайызы жасыл карт иелері болған. Бұл статистика өткен жылы 20 пайызды құрайтын» — дейді Нью Йорк аудандық теңіз күштері әскери бөлімшесінің комиссары Тим Стьюарт — «жалпы мемлекет бойынша бұл пайыз 1995 жылғы 5 пайыздан осы жылы 8 пайызға көтерілген».

Теңіз Күштеріне ең көп әскерді еліктетіп шақырған, ұлттық қаһарман болған Екінші Сынып Старшина Ленни Рамостың территориясы Манхэттенді ішіне алады. Оның ең соңғы әскерге алған жасыл-карт иелерінің бірі, екі апта бұрын келісім-шартқа қол қойған және 11 жыл бұрын Вашингтон Белестеріне Доминика Республикасынан ауып келген 19 жасар Саманта Руиз болған. Бұл қыз азаматтық алу үшін әскерге қосылуға бел байлаған, бірақ террористік шабуылдардан кейін көзқарасы өзгерген.

«Бұл жәйт мені қатты күйзелтті, менің әскерге қосылуымды өзіме міндет деп білдім», — дейді Теңіз Күштерінің Харлемдегі әскер қатарына алу офисінде ерікті болып жұмыс істеп жүрген Руиз — «бұл жер қазір менің үйім. Сондықтан да мен өз еліме Теңіз Күштеріне қатысуыммен көп пайдамды тигіземін».

Өткен күндері Төменгі Манхэттенде, Теңіз Күштерінің әскерге алу жұмыстарынан жауапты болған артиллерия сержанты Дюан Сильвера, Қазақстаннан ауып барған Манин азаматты Сити Холдағы өзінің шақырып, Паррис аралдарына бастапқы қызметіне бастамастан бұрын соңғы дайындықтарын бітірді.

1999 жылы америкалық әйел алған Манин, әйелімен бірге көп толғанғанын айтады.

Әлі күнге дейін Петропавловскіде тұратын әке-шешесі оның бұл шешіміне риза болмаған, өйткені олар Кеңес Одағының Ауғанстандағы соғысы кезінде көптеген жас балалардың тірі қайтпай келгенін немесе мүгедек болып қалганын біледі.

Бірақ бұл жігітті толық қолданбаған дейді Батыс империялистері. Өзінің айтуынша жаяу әскер болып, білген қазақ тілімен (толық меңгергеніне күмәнім көп-ақ!), орыс тілімен, поляк тілімен және чех тілімен барлау жұмыстарын жүргізуді армандайды.

Манин: «Мені Ауғанстандағы операцияға жіберуін әрдайым талап етудемін» — дейді.

Оның інісі, 20 жасар Паша, қазір Фордхэмде ағылшын тілін үйренуде және ол да әскер қатарына қосылмақшы. Бірақ оның жасыл карты жоқ, ол бар болғаны студенттік виза иемденген. 35 жасар Сержант Силвера: «Паша Манин жасыл карт алатын болса бірінші талапкер болады» — дейді. Сержант Силвераның өзі де Теңіз күштеріне қосылған кезде Ямайка азаматы болып тұрақты тұрғын болған.

©2002 Aspan Internet Digest 

Сайт создан в системе uCoz