Аспан - интернет дайджест | Aspan - Internet digest
"Аялдама"-ға хош келдіңіз!
 Қазақстан қаржы пиясасы
Жалау алмасу
 Казахстанская Правда
 Казахстан Пресс Агенттігі
 «Қазақ Әдебиеті» виртуалдық кітапхана
 world1000
 Ауылымыз «Весь WWW-Казахстан» жинағына тіркеулі
Опера жайлы ойыңыз қандай болмақ?
ќпера таЬбасы

Өткен аптада Опера (Opera) интернет-броузері жайлы қызықты мақала көзіме түсті. Мінекей сол Опера жайлы қысқаша ғана шолу жасайын дедім. Операның әкесі сонау суық Исландия аралында туып-өскен (шіркін-ай бір күні қазекеңде осындайға жетсе), норвегиялық Опера Софтвэйр (Opera Software) фирмасының құрушысы және басқарушысы Джон С. фон Тетцэнер екен. 1995 жылы Интернет қатері дүниежүзіне жайылып баяғы Билл Гэйтстің Майкрософты (Microsoft) мен Нетскэйп Коммуникэйшнз (Netscape Communications) фирмаларының миллиардтаған доллар тігілген броузер бәйгесінде қызу бәсеке жүріп жатқан кезде фон Тетцэнер өзінің Операсын бәйгеге қосқантұғын. Қазір сол Опера броузер бизнесінде 3-ші орында.

Тетцэнер мырза бар болғаны 6 000 доллармен жұмысқа қызу кірісіп төрт жыл бойы айналымнан тапқан қаражатпен (Интернет базарының өзгермейтін заңдылығы) программасын әрі қарай дамытқан. "Дотком жарылысы" кезінде фирмасын акционерлік қоғамға айналдырғысы келген инвест-банктерді кері қайтарып өте маңызды шешім қабылдаған. Өзінің айтуынша: "Инженерлер үшін акция құнының бірде өсіп, бірде түсуі назарларының бөлінуіне әкеп соғады. Біз одан гөрі барлық назарымызды программаларымызды дамытуға бөлгеніміз жөн". Бұл стратегиясының арқасында техникалық құлдырау кезінде фирма аяқта тұрып қалды. Тез жұмыс атқаратын броузер бәсекеде басын иген жоқ. Нарық тренді дербес компьютерлерден ұялы телефондар және Интернетке қосылатын басқа да құралдарға жайылған соң, Опера броузерін тұтынушылардың саны күн сайын өсуде. Сони (Sony) фирмасының 500 долар құнында жалғыз ғана Интернет және е-пошта үшін шығарған еВилла (eVilla) компьютері, Опера программасымен жабдықталған. Алдымыздағы жылы Интернетке қосылатын Нокиа (Nokia) және Эрикссон (Ericsson) ұялы телефондарында Опера броузері қолданылады. Опера фирмасының қаржы бөлімшесінің басқарушысы Кристиан Йебсен осыған орай лицензия сатымынан пайдаларының артуын болжамдап отыр. Өткен жылы Опера фирмасы 1 000 000 долар көлемінде зиян шеккен.

Орталығы Ослода орналасқан Опера фирмасы, былтырғы 3 000 000 доларлық сатым көлемімен өзінің бәсекелестерімен салыстырғанда кішігірім ғана фирма. Мұның жанында Майкрософт пен Оупенвэйв (Openwave Systems Inc) фирмалары жылжымалы Интернет үшін программалар жазуда және Интернет жүйесіне негізделген қызмет (е-поштадан лезде чатқа шейін) көрсетуде. Кейбір тұтынушыларға броузерлер мен іздеу моторларын таратуда. Майкрософт фирмасының шағын броузерлерді дайындау бөлімшесінің өндіріс мэнеджері Роберт О'Хара мырзаның айтқанындай: "Егер олар бұл бизнес түрінде ақшаның қалай жасалатынын көрсетсе, мен оларға зияпат берер едім!". Операның атқарушы комитеті корпоративті тұтынушылардың өздерінің тауарлық маркасына сай жасалатын (Майкрософт бұған рұқсат бермейтін) тәуелсіз броузерлер үшін ақша төлеуге дайын екенін болжамдап отыр.

Операның кішкене көлемді болуы Майкрософтпен бәсекеде үлкен роль атқаруда. Фон Тетцэнер мен Операны құрушылардан бірі Гэйр Иварси мырзалар Интернет саласында Редмондтағы командадан бұрын да шұғылданған. Бұл екі мырза 1990 жылдардың басында норвегиялық телекоммуникация фирмасы Теленорда Веб дамыту программасымен шұғылданған кезде танысқан болатұғын. Операның дербес компьютерлер үшін дайындаған броузері бар болғаны 2 Мбайт көлемінде болып, Майкрософттың ең кішкентай Эксплорерындан 3 есе кіші. Сонымен Операның аз көлемділігі мен жылдамдығының екпінді болуының себепті кішігірім және аз қуатты машиналарда қолдануы әжеп емес-ау.

Осыншама үлкен базар жаулап алу үшін өте баяу жылжуда. Фон Тетцэнер мырза өзінің 115 кісілік командасымен ақшаға батуға асықпайды. Операның қарыздары жоқ және 90%-і жұмысшыларға тиесілі болғандықтан биржалардың әсері жоқ. Интернет саласында банкроттықтар болса да фон Тетцэнер мырза бұл жылы тапқан 3 500 000 долармен фирма құндылығын 140 000 000 доларға көтерді. 1999 жылы, рискі өте жоғары қаражат табудың бірінші раундын нәтижелендірген кезде, норвегиялық инвесторлардан тапқан 1 000 000 долар арқасында фирма құндылығы 50 000 000 долар болатын тұғын. Қазіргі Опера айлық 500 000 долар жаратуда және алдымыздағы жылы бұл жылғы қаражаттан көбірек қаражат табуы керек. Бұған қарамастан инвесторлар міз қақпай күтуде. Ослодағы Текноинвест, рискі өте жоғары қаражат қорының, басқарушысы Торе Менгшоль дегеніндей: "Олар өздерінің бағасын қадағалауда, соның арқасында ол жерде қызықты бизнес бар". Текноинвест қоры Операның азғана акцияларына ие.

Операның атқарушы комитеті Майкрософттың дербес компьютерлерге арналған броузерлер бәсекесінде жеңгенін "қабылдады". Бірақ жаңа технологиялық дәуірдің машиналары үшін броузер базарын Майкрософтқа беруге риза емес. Өйткені жаңа дәуір машиналардың көбісі Майкрософттан басқа Линукстан (Lynux) Юниксқа (UNIX) дейінгі операциялық жүйелерде жұмыс істеуде. ЭПОК (EPOC) жүйесі, Лондонда орналасқан ұялы телефон өндірушілер консорциумы болып табылатын Симбиан (Symbian - Consortium of Mobile-Phone Makers) тарапынан қолданылуда. Ендігі кезек фон Тетцэнер мырзада, ол өзін тенорларға ұқсап дауысын жоғалтпағанын дәлелдеуі керек.

©2002 Aspan Internet Digest 

Сайт создан в системе uCoz