«Аспан» интернет дайджест | Aspan - Internet digest
"Аялдама"-ға хош келдіңіз!
 Қазақстан қаржы пиясасы
Жалау алмасу
 Казахстанская Правда
 Казахстан Пресс Агенттігі
 «Қазақ Әдебиеті» виртуалдық кітапхана
 world1000
 Ауылымыз «Весь WWW-Казахстан» жинағына тіркеулі
WINDOWS XP: Жаңа дербес компьютер алудың уақыты келді ме?
Windows XP logoWindows 95/98-бен жабдықталған «ескірген» тасымалды компьютерлер үшін керекті функцияларды әкелген жаңа операциялық жүйе

Майкрософттың (қаншама қарсы келсек те дүниежүзілік компьютерлердің стандартын белгілейтін фирма) жаңа операциялық жүйесі Windows XP компьютер қолданушыларға жаңа талаптар қоюда, әсіресе екі жылдық компьютерлерді қолданатын миллиондаған адамдар жаңа компьютер сатып алулары керек. Бәлкім, тап қазір біз осы жүйені қарастырып жатқанымызда, Дэлл және Гэйтвэй (Dell және Gateway) секілді алыптар осы жүйемен жабдықталған дербес немесе тасымалды компьютерлерін тұтынушыларына жіберіп те үлгерген шығар, бірақ Майкрософт бұларға жүйесінің ресми сатуға шығатын күніне (қазанның 25-і) дейін жарнама жасауына рұқсат бере қоймас. «Сонда қазір асығып жаңа компьютер қарастырудың және сатып алудың уақыты келді ме?» деген сұрақ еріксіз туады.

ХР жүйесін тесттен өткізген мамандар, оның Windows 95, 98 немесе Me жүйелеріне қарағанда тұрақтылығы және оңай тұтынушылығы жайлы жақсы бағаламалар берген. Сондықтан сіздің жүйеңіздің «ескілігіне» қарай, «жаңа» жүйені орнатқаныңызда соғұрлым пайда көресіз.

ХР-дің бәйгеге қосылуы, жүйеңіздің жетілдіруінің (hardware upgrade) негізгі критерияларын өзгерте қойған жоқ. ХР-дің жүйеңізге сәйкестілігіне байланысты нақты жауабын сіз беруіңіз керек: Барымен базарлық сіздің принцибіңіз бе? Егер де сіздің компьютеріңіз (Windows 95-пен жабдықталған 5-жылдық Пентиум 166 болғанның өзінде) барлық жұмысты атқарады деген қанағатыңыз болса, онда Майкрософт жаңа операциялық жүйе шығарды-ау деп жетілдіру жұмыстарын жасауыңыз қалтаңызға зиянды-ақ. Ал егер де технологияны қудалаушы «ауру» болсаңыз ХР сізге керемет мұрсат береді.

Win­dows 95 немесе Win­dows 98-бен жабдықталған тасымалды компьютерлердің қолданушылары жаңа өнімді сатып алуға өте ынталы. Соңғы уақытта бағасы түсіп, сапасы жетілдіріп өзгеріске ұшыраған жалғыз тасымалды компьютерлер ғана емес, Windows ХР өзі де қолдануында көптеген жеңілдіктер әкелді. Бұл жеңілдіктердің көпшілігі корпоративтік Windows 2000-да кездеседі, өкінішке орай жеке тұтынушыларға бағытталған Windows 2000 жүйесінде жоқ-тұғын.


Тынық ұйқы

Тасымалды компьютеріңіз үшін ең қажетті ерекшелік, бір уақыт заматы ішінде ешқандай жұмыс болмаған жағдайда тасымалды компьютеріңіз қуатын қоритын тынық ұйқыға кетеді. Windows-тың тұтынушыларға бағытталған ешбір өнімінде бұл дұрыс қызметін атқармаған. Мәселен, менің Windows 98-бен жабдықталған тасымалды компьютерім кейде «тынық ұйқыға» кету үшін көптеген уақыт алатын, кейде еш себепсіз мүлдем жұмысын атқармайтын. ХР, сирек кездесетін мұндай жағдайда ең болмаса неге атқара алмайтынын, қандай программаның кедергі жасап жатқанын сізге білдіреді. Бұл программистер үшін бәлендей мәселе болмаса да, біз секілді програмист болмаған тұтынушыларға өте керекті мәселе (қандай программа бізге кедергі жасап жатқанын біліп дер кезінде жұмысын тоқтатамыз). ХР-мен жабдықталған компьютерлердің ұйқыдан оянуы да лезде-ақ. Бұрнағы өнімдерінде жұмысты жалғастыру үшін көбінесе қайтадан қосуды (reboot) бізге нұсқаулап ұсынатын. Бұл қасиетінің сенімді болуы, тасымалды компьютеріңіздің сирек өшіруіңіздің белгісі (тасымалды компьютерлерді қолданушылар білетін шығар, әр ашылып-жабылуы кезінде жұмсалатын энергиясын, қуатын сақтау үшін өте керекті қасиет). Ұйқыдан оянған кезінде де, бірнеше секунд ішінде ұйқыға кетер алдындағы ашық қалған барлық программалар сол күйінде ашылады.

XP-дің басқа ерекшелігі интернетке қосылуды (dial-up), офистегі және үйдегі желілерде (office and home networks) компьютерлерді қолдануды ыңғайлы деңгейге жеткізетін кемелдендірілген және ықшамды желі жүйесімен қамтамасыздырылған. ХР-дің Windows 2000-нан үстем болған қасиеттерінен бірі, сымсыз жергілікті желілерді (wireless local network) сезгіштігі және мұндай желілерде (мәселен, аэропорттағы демалу бөлмесінде немесе қала сыртында бірнеше компьютермен бірігіп жұмыс істегіңіз келгенде) жұмыс істеу қабілеті.

Дербес компьютер қолданушылары үшін асығатын бәлендей ешнәрсе жоқ. Егер, көбінесе кездесетін компьютеріңізді қайтадан қосуды нұсқаулайтын «ұйқаспайтын әрекет» ("illegal operation" message) қатесінен мен секілді жалыққан болсаңыз, яки, компьютеріңіз кезекті құлдырауға (crash) ұшыраса, ХР сізге мұндай қатерлерден қорғану жолдарын болжамдап бере алады. Егер де жанұяңыздағы әрқайсысының жеке құжаттарымен (files) қоса өзінің ерекше қалауынша компьютерді қолдануын қаласаңыз, ХР мұндай жағдайда сіздің қызметіңізге әрдайым дайын (мұндай қасиет Windows-тың ескі өнімдерінде болған). XP-мен жабдықталған компьютерлер Windows 95 немесе Windows 98-бен жабдықталған компьютерлерге қарағанда үй желілерінің (home network) реттеушісі (hub) сервер ретінде керемет қызмет атқарады.

Ескі жүйе қолданушылары үшін құлаққа ыңғайсыз ерсі жағдай. Windows 95 немесе Windows 98-де жұмысын бұлжытпай атқаратын кейбір жабдықтар біздің жетілдіру жұмыстарынсыз ХР-де жұмыс істемейді. Бұл жетілдіруші «жамаулар» (software upgrades) сіздің жабдығыңызды өндірген фирмалар тарапынан жасалып, Майкрософт арқылы таратылуда. Фирмалар бұл «жамауларды» әлі де жетілдіруде, сондықтан ХР жаңадан орнатылып жатқанда мұндай жаңа «жамауларды» әрдайым онлайн тексереді. Бірақ тізеңізді соғып қалатын жағдайлар да баршылық сіздің «сүзгішіңізді» (сканер) шығарған фирма жұмысын тоқтатқан жағдайда немесе 10 жыл бұрынғы «жазу қорабыңызды» (принтер) шығарған фирма жаңа программа жазудан бас тартқан болса, онда бақытсыз екеніңізді білгеніңіз жөн. (Бұл секілді бәлелерден сақтануыңыз үшін күнделікті жаңарып тұратын http://www.microsoft.com/hcl/ ауылынан жабдығыңыздың сәйкестілігін тексергеніңіз дұрыс.)

Windows XP көптеген қызықты ерекшелектер ұсынып отыр, бірақ мен секілді тұтынушыларға пайдасы тиеді деп ойламаймын. Бәлкім сіз өзіңіздің ескі жүйеңізді ХР шықкан уақытқа дейін сақтап отырсаңыз, мұрсатыңыз болған жағдайда жаңа жүйеге ауысып кетерсіз. Немесе де жаңа жүйе сатып алуды көптен бері ойлап жүрсеңіз, онда ХР сізге өте керемет мұрсат беріп отыр. Ал егер де барамен базарлық деп бар нәрсеңізге ырза болсаңыз, онда асықпай-ақ қойсаңыз да болады.


Windows XP үшін керекті жабдықтар

Көптеген адамдардың, жаңа Windows XP операциялық жүйесінің беретін жаңа мүмкіншіліктерін қолдануы үшін, жаңа компьютер алуы керек болады. Бұл әсіресе екі жылдық компьютерлерді тұтынушыларға әсер етеді. Жаңа жүйені қолдану үшін керекті компьютер конфигурациясы:

ЕСТЕ САҚТАУ ЖИҺАЗЫ: Жүйенің жұмыс істеуі үшін өте қажетті жиһаз. Майкрософттың ұсынғаны 128 мегабайт 256 мегабайт болғаны дұрысырақ.

ПРОЦЕССОР: Соңғы процессорлардың барлығы дерлік іске жарайды. Майкрософттың ұсынған ең төменгі деңгейі Пентиум ІІ 300 МГц. Жаңа компьютер процессорларының жылдамдығының 800 МГц-тен төмен болғаны өте сирек.

МОНИТОР: Тасымалды компьютер тұтынушысы болсаңыз, сізге қойы-латын талап ең болмаса 1024x768 пиксельді монитор. Дербес ком-пьютерлер үшін қойылатын талап кәдімгі мониторыңыз (CRT) үшін 17" (43 см), жайпақ мониторыңыз (flat panel) үшін 15" (37 см).

Келесі әңгімемізде компьютер әлеміндегі алыптардың бірі саналатын Эпл (Apple) фирмасының Apple OS X жүйесіне шолу жасаймыз.
Кездескенше күн жарық, ағайын!

©2002 Aspan Internet Digest 

Сайт создан в системе uCoz