«Аспан» интернет дайджест | Aspan - Internet digest
"Аялдама"-ға хош келдіңіз!
 Қазақстан қаржы пиясасы
Жалау алмасу
 Казахстанская Правда
 Казахстан Пресс Агенттігі
 «Қазақ Әдебиеті» виртуалдық кітапхана
 world1000
 Ауылымыз «Весь WWW-Казахстан» жинағына тіркеулі
«Аспан» туралы

Қайырлы күн, қадірменді «Аспан» ауылының қонақтары! Бугін міне әр-түрлі қызықтарға толы интернет әлеміне тағы бір ауыл қосылып отыр. Бұл ауылдың ерекшелігі қазақ тілінде, қазақ әріптерімен жасалған ауыл болуында.

Шағымыздың шаңырағы «Аспан» ауылы жайында жазыларлык нәрсе қаншалықты көп болса, жазу да соншалықты қиын болғаны бір шындық.

Негізінде бұл жолаушылықтың басы интернет жүйесінде қыдырып жүріп бір-бірімен танысқан бірнеше адамның «жасасақ қалай болады» деген ой-пікірлерінен басталып отыр.

Бүгін міне жарық көріп отырған «Аспан» ауылы осы «Темірқазық» тобының сіздер үшін әртүрлі жаңалықтарды іздестіріп, жоспарлап тағайындаған еңбектерінің жемісі. Бұл пікірді туғызып отырған себептер туралы біраз жазып кетсек орынды болар.

21-ші ғасырға ізін қалдырарлық жаңалығы интернет жүйесінде, қазақ тілінде ықыласпен жасалынған ауылдардың тапшылығы. Екіншісі әрі ең маңыздысы ел қатарлы ана тілінде қалаған ауылда қалаған мәліметтерді көсіле отырып оқи алмау. Бұл біз сияқты талай жанның құрсағында қалған қызғаныш болар...

Атақты ақын Мұхтар Шаханов алғашқы өлеңдер кітабы жарық көргенде «...Абай, Мұхтар бастаған ұлы көштің соңына ілестім» деген екен. Біз де интернет жүйесіндегі ауылдардың көшіне ілескен болармыз. Бірақ қазақ тілінде жасалған ауылдар үшін жаңа бір бет ашылып отыр.

«Аспанның» саясатпен, оппозициямен шаруасы жоқ екендігін айта кету жөн болар. Тек мақсаты: келуші қонақтарға жан-жақты тақырыптарда мәлімет ұсыну, әр-түрлі жаңалықтарды жеткізу. Қысқаша айтқанда, шөлдегенге сусын, қарны ашқанға тамақ беру.

«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегеннің терең мағынасын бүгінгі жағдайларда жақсылап ұққан болармыз. Мақсатымыз, Абай ақын айтқандай, бір кірпіш болып, дүниенің кетігін тауып барып қалану. Тілегіміз болса, қазақ тілінде жасалынған ауылдардың санының көбейе беруінде...

«Темірқазық» тобы мушелері
aspan_2001@hotmail.com

©2002 Aspan Internet Digest 

Сайт создан в системе uCoz