Сұлуды сүймектiк – пайғамбар сүндетi. Абай
Ғашық адамдардың асыға күтетiн күнi ақпанның 14-і, яғни Әулие Валентиннiң құрметiне Ғашықтар күнi, Махаббат күнi. Бұл күннiң бiр ерекшелiгi, ғашықтардың бiр-бiрiне сыйлықтар алып, бiр-бiрiн қаншалықты сүйетiндерiн дәлелдеу, махаббат толы бiр күн өткiзу.
Әрине, сыйлықтың аты сыйлық, өмiрлiк естелiк болып қалады. Бiрақ сүйiктiңіз үшiн ең жақсы сыйлық не, бiлесiз бе? Ең жақсы сыйлық шын жүректен «СЕНІ СҮЙЕМІН» деп айту. Шынайы махабаттың ең жақсы дәлелi осы «сенi сүйемiн» сиқырлы сөзi. Бiрақ неге екенiн бiлмеймiн, осы бiр ауыз сөздi айтуға қиналатындар көп. Иә, қызға сөз айту немесе қыздың жiгiтке сезiмiн бiлдiруi оңай емес. (Мен де сондайлардың бiрiмiн :) Мiнеки 14-шi Ақпан сиқырлы сөздiң сиқырын көрсететiн керемет күн. Сүйген адамымызға осы сиқырлы сөздi айтсаңыз оның да сiзге осы сөздi айтуы ғажап емес. Сонымен, Амурдын оғы тиiп, жүрегi жараланған «АСПАН»-ның «ғашық» қонақтары, бәрiңiзге сәттiлiк, табыс тiлеймiн!
Төменде сиқырлы сөздiң басқа тiлдердегi аудармасын берiп отырмын. Сүйiктiңiз басқа ұлт өкiлi болса да болмаса да бұл сөздердi де айтып көрiңiз. Бұл да бiр романтика ғой! |